«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар) (үзінді) (күші жойылды)

Предыдущая страница

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: кем дегенде 1746 спектакльдер, концерттер өткізу; республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 44 652 көрерменнің келуін қамтамасыз ету;

15 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер,

Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының күрделі жөндеуін аяқтау М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры күрделі жөндеуінің 2 кезеңін жүргізу;

Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, жарықтық, музыкалық қондырғылар;

компьютерлік техника, костюмдер, сахына киімдерін тігу; автотранспорт, жиһаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғылар, тұрмыс техникаларын сатып алу.

Соңғы нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 2 театрдың күрделі жөндеуін жүргізуді 100% қамтамасыз ету,

1 театрдың күрделі жөндеуін 61,2% орындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 10000 мың теңге.

Уақтылығы: Репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сапасы: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектальдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

23-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Алматы қаласының бюджетіне 2006 жылы республикалық

бюджеттен берілген мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне

арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 96685 мың теңге (тоқсан алты миллион алты жүз сексен бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың Тізбесі туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру.

5. "Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген мәдениет ұйымдары қызметін үйлестіру және тиімді басқару.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 5 мәдениет ұйымын жергілікті бюджетке беру: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы; С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы; С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені; Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі; Қуыршақ театры.

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 3000 дана кітап, 2 жинақталым компьютер, ксерокс сатып алу.

С. Бегалин атындағы балалар кітапханасының кітап қорын толтыру үшін ксерокс, 2000 дана кітап сатып алу.

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені мен Қуыршақ театрына жиһаз сатып алу.

Соңғы нәтиже: Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің оны алушыларға жақындауы.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Алматы қаласының халқын мәдени қызмет көрсетумен толығымен қамту.

Уақтылығы: 5 мәдениет ұйымын ағымдағы мақсатты трансферттермен уақытылы қамтамасыз ету.

Сапасы: Мәдениет мекемелерін басқару әдістерін жетілдіру және мәдениет инфрақұрылымын жергілікті деңгейде оңтайландыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

24-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Спорт объектілерін салу және қайта жаңарту»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 9607200 мың теңге (тоғыз миллиард алты жүз жеті миллион екі жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу, әлемдік спорттық аренада Қазақстанның имиджін арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денешынықтыру-сауықтыру және спорттық құрылыстарда кең көлемде жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін қазіргі кезең базасын құру, спорттық құрылыстарда тұрғындардың денешынықтыру және спортпен шұғылдану жағдайын жақсарту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Өткізу жағдайы күшіне 290 адамды құрайтын Астана қаласындағы республикалық велотректің құрылысын, өткізу жағдайы күшіне 487 адамды құрайтын Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасын; өткізу жағдайы күніне 380 адамды құрайтын Шучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салуды аяқтау (мемлекеттік сараптамадан өткен, заңды тәртіппен белгіленген, бекітілген смета-жобалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмысының жалпы құнының 68%).

Соңғы нәтиже: қысқы мерзімде тұрғындардың белсенді демалуы үшін олимпиадалық спорттың түрлері, спорттың шаңғы тебу түрі, велосипед спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшыларды және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау үшін республикалық спорт объектілерін эксплуатацияға енгізу жағдайларын жасау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаны жүзеге асырудың тиімділік бағасын беру негізінде анықталатын болады.

Уақтылығы: жасасқан келісім шарттарға сәйкес атқарылған жұмыстың жоспар актісіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

25-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 2973148 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс үш миллион бір жүз қырық сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2, 4, 8, 15, 18, 25, 30-баптары; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі дайындығының Президенттік сынақтары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) ХХ қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) ХХІХ жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге жету және халықаралық спорттық аренадағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Туринде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен, жазғы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 652 оқу-жаттығу жиынын, 278 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама

командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу.

Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін кемінде 52 дана спорттық мүкәмалмен жабдықтар сатып алу.

Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі

бар спортшыларды және жаттықтырушыларды-олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.

Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 46 дана спорттық мүкәмал, жиһаз (кеңселік үстел - 5 дана, қабырғалық шкаф - 2 дана, киім шкафы - 21 дана, керуерт - 20 дана), компьютер - 2 дана сатып алу.

Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына - 11 дана медициналық жабдық сатып алу.

Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру.

Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында жазғы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында және қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 1164,0 мың теңге.

Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттар өндіру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

26-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 55534 мың теңге (елу бес миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегi № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық іс-шараларға қатысушыларды фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: